• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg

«Жамбыл-Жылу» МКК өз тұтынушыларына мәлімдейді. Кәсіпорын жылу энергиясын өндіру, бөлу, тарату және жабдықтау жөніндегі реттелетін қызметіне байланысты жыл сайынғы өтетін есебі бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында қоғамдық тыңдауды 2019 жылдың 24 сәуірінде сағат 16:00 де кәсіпорынның акт залында өткендігі туралы хабарлайды. Кәсіпорын директоры тұтынушылар алдында берген есебінде жоспарланған іс-шараларды кәсіпорынның өз амортизациялық есебінен орындалғанын, кәсіпорынның негізгі қызметінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштері, көрсетіліп отырған қызметтің көлемі, тұтынушылармен жүргізілген жұмыстар, негізгі қызметтің келешегі мен бекітілген тарифтік сметаның әр бабы бойынша орындалуы туралы мәліметтерді толығымен таныстырып өтті.

«Жамбыл – Жылу МКК әкімшілігі»